Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіліп жатыр

Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіліп жатыр

Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіліп жатырФото: Pixabay.com
Бүгін елімізде жыл сайынғы дәстүрге айналған Отбасы күні аталып өтіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕРЕКЕ ТАРИХЫ

Бұл айтулы күн Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіледі және қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған маңызды мерекелердің бірі саналады.
Отбасы күні елімізде алғаш рет 2013 жылы атап өтіле бастады. Мақсат – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасылық институттың маңызын арттыру, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайту.
ТОҚАЕВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады.
Оның сөзінше, бұл – ұлтымызды мейірім мен қамқорлық, өзара қолдау мен азаматтық жауапкершілік сияқты мызғымас құндылықтар аясында ұйыстыратын тамаша мереке. Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әр адам, ең алдымен, өзінің қастерлі шаңырағында тұлға ретінде қалыптасады, үлгі-өнеге алып, нағыз азаматқа тән игі қасиеттерді бойына сіңіреді. Отбасында көрген тәлім-тәрбиенің арқасында елімізде отаншыл, еңбекқор, білімді және мәдениетті ұрпақ өсіп шығады.
– Сондықтан біз бәріміз бір ел болып халқымыздың салт-дәстүрі мен қазіргі замандағы озық көзқарасы үйлесім тапқан отбасы құндылықтарын сақтап, оны нығайтып, жан-жақты насихаттауымыз керек. Жарық өмір сыйлаған ата-аналарымызға зор құрметпен қарау – қастерлі парыз. Әсіресе, аялы алақанымен, ақыл-парасатымен әрбір үйді шуаққа бөлейтін аналардың орны ерекше. «Ана – Жер-Ана» – адамзат өркениетінің өзегі. Біз асқар тау әкелеріміздің табанды еңбегі мен ерен ерлігіне бас иіп, қадір тұтуымыз керек, – деді ол.
Тоқаев әр шаңырақта ырыс-ынтымақ болса, еліміз де қарқынды дамитынын айтты. Бұл – Әділетті және Қуатты Қазақстан құрудың аса маңызды шарты. Сондықтан мемлекет отбасы құндылықтарын кеңінен дәріптеп, ана мен бала құқығын қорғауға айрықша мән береді.
14 қыркүйек 2025 ж. 140 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930