Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім қателіктен қорықпауы керек, кімді сәттілік күтіп тұр?
2026 жылғы 15 шілдеге арналған жұлдыз жорамал: бүгін кімді қандай өзгеріс, жаңалық немесе мүмкіндік күтіп тұрғанын Tengri Life ұсынған болжамнан оқи аласыз.
Тоқты 21.03 - 20.04
Бүгін асығыс тұжырым жасамаңыз. Алғашқы әсер алдамшы болуы мүмкін, ал жағдай таңертеңгі көріністен мүлдем басқаша өрбуі ықтимал. Оқиғалардың дамуына сәл уақыт беріңіз.Телец
Торпақ 21.04 - 21.05
Ақша үнемдеуге деген талпыныс құптарлық, бірақ бүгін шын мәнінде маңызды нәрселерден үнемдеу кейін қосымша шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Парасатты сақтық пен шектен тыс үнемшілдіктің аражігін ажырата біліңіз.
Егіздер 22.05 - 21.06
Бәріне бірдей бірден келісе бермеңіз. Бүгін өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағалап, кейін берген уәделеріңізге өкінуіңіз әбден мүмкін. Күткен үмітті ақтамай қалғаннан көрі, нәтижемен жағымды таңғалдырған артық.
Шаян 22.06 - 22.07
Айналадағылар сіздің сезімдеріңіз бен қалауларыңызды өздері түсінеді деп күтпеген жөн. Егер бірдеңе мазаласа, іште реніш сақтағанша, оны байыппен талқылап алған дұрыс.
Арыстан 23.07 - 21.08
Әрбір ұсақ-түйекті бақылауда ұстауға тырыспаңыз. Кейде басқа адамдарға іс-әрекет еркіндігін беру тұрақты тексеруден гөрі жақсырақ нәтиже береді.
Бикеш 22.08 – 23.09
Бүгін бір ғана кішкентай қате, ұмытылған кездесу немесе қате көрсетілген күн артық әуре-сарсаңға салуы мүмкін. Бірдеңені жібермес немесе растамас бұрын, тексеруге бірнеше минут бөліңіз.
Таразы 24.09 - 23.10
Жақсы қарым-қатынасты сақтауға деген ниет түсінікті, бірақ бүгін өз мүддеңізді де ұмытпаған маңызды. Іштей қарсылық тудыратын нәрселерге келісім бермеңіз.
Сарышаян 24.10 - 22.11
Тіпті әділ ескертудің өзі тым қатал естілуі мүмкін. Ойыңызды жеткізгіңіз келсе, жұмсақ тіл таңдаңыз. Бұл әлдеқайда сенімдірек болады.
Мерген 23.11 - 22.12
Күнді ондаған тапсырмамен толтырмаңыз. Бүгін саннан гөрі сапа маңыздырақ. Бірнеше істі асықпай аяқтаған, жан-жаққа жалтақтағаннан әлдеқайда тиімді.
Тауешкі 23.12 - 20.01
Бүгін бес минутты алатын шаруа, ертең үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Ұсақ істерді кейінге қалдырмаңыз - кешкісін бұл шешіміңіз үшін өзіңізге алғыс айтасыз.
Суқұйғыш 21.01 - 19.02
Өзгелердің сөзін тексерместен шындық ретінде қабылдамаңыз. Бүгін жорамалдар мен кездейсоқ әңгімелерге емес, нақты деректерге сүйену өте маңызды.
Балықтар 20.02 – 20.03
Күннің басты қателігі - өз мүмкіндіктеріңізді тиісінше бағаламау болуы мүмкін. Тек қателесуден қорыққандықтан ғана жақсы идеядан бас тартпаңыз.











