Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім басшылықты таңғалдыра алады, ал кімге әріптестерімен дауласпаған жөн?
2026 жылғы 13 шілдеге арналған жұлдыз жорамал: бүгін кімді қандай жетістік, өзгеріс немесе табыс күтіп тұр. Толығырақ Tengri Life ұсынған жұлодыз жорамалдан оқиа аласыздар.
Тоқты
21.03 - 20.04
Бүгін бәрін өз бетіңізше істей алатыныңызды дәлелдеудің қажеті жоқ. Көмекті дер кезінде сұрасаңыз немесе міндеттерді бөліссеңіз, нәтиже анағұрлым жақсы болады. Жеке талпыныстан көрі ұжымдық жұмыс көбірек пайда әкеледі.
Торпақ
21.04 - 21.05
Бұл күн жұмыс процесін реттеуге өте қолайлы. Құжаттарды сұрыптап, ескі тапсырмаларды аяқтаңыз немесе әдеттегі іс-қимыл алгоритмін қайта қарап шығыңыз. Жақын күндері-ақ жұмыс істеудің қаншалықты жеңілдегенін сезінесіз.
Егіздер
22.05 - 21.06
Бүгінгі басты артықшылығыңыз - келісе білу қабілеті. Егер сабыр сақтап, сұхбаттасыңызды мұқият тыңдасаңыз, тіпті күрделі әңгіменің өзі күтпеген жерден сәтті аяқталуы мүмкін. Сөзін бөлмеңіз - бүгін бұл өте маңызды.
Шаян
22.06 - 22.07
Бүгін жұлдыздар жақсы идеяларды іркіп қалмауға кеңес береді. Егер басшылыққа жаңа жоба ұсынуды немесе тың шешіммен бөлісуді бұрыннан жоспарлап жүрсеңіз, бүгінгі күн бұл үшін өте қолайлы күн.
Арыстан
23.07 - 21.08
Әрбір жұмыс хабарламасына бірден жауап беруге асықпаңыз. Кейде аздаған үзіліс салмақты шешім қабылдауға көмектеседі. Бүгін сіздің күшіңіз - тіпті шиеленісті жағдайларда да ұстамдылық таныта білуде.
Бикеш
22.08 – 23.09
Тек шын мәнінде маңызды тапсырмаларға назар аударсаңыз, жұмыс күні өнімдірек болады. Ұсақ-түйек мәселелердің негізгі мақсаттан алаңдатуына жол бермеңіз. Жоспар неғұрлым қарапайым болса, нәтиже соғұрлым жоғары болады.
Таразы
24.09 - 23.10
Бүгін айналаңыздағылардың назары сіздің ұжымдағы өзіңізді ұстауыңызға ауады. Ілтипаттылық, әріптестерге деген құрмет және диалогқа дайын болу кәсіби беделіңізді кез келген жетістіктен де артық нығайта алады.
Сарышаян
24.10 - 22.11
Бұрыннан нәтиже бермейтін әдістерден бас тартудан қорықпаңыз. Кейде әдеттегі жұмысқа енгізілген шағын өзгерістер бірнеше сағат уақытыңызды үнемдейді. Бүгін жаңа нәрсені байқап көрген жөн.
Мерген
23.11 - 22.12
Бұл күн жаңа білім алу үшін қолайлы. Тіпті шағын мақала, пайдалы вебинар немесе тәжірибелі әріптеспен сөйлесудің өзі жақын арада жұмыста қажет болатын идея беруі мүмкін.
Тауешкі
23.12 - 20.01
Бүгін жауапкершілік пен демалыс арасындағы теңгерімді сақтау өте маңызды. Бәрін бірден бітіруге деген құлшыныс түсінікті, бірақ шамадан тыс жүктеме жұмыс сапасын төмендетуі мүмкін. Сабырмен және жүйелі түрде әрекет еткен абзал.
Суқұйғыш
21.01 - 19.02
Дәл сіздің ерекше пікіріңіз ең құнды болып шықса, таңғалмаңыз. Бүгін айналаңыздағылар тың ұсыныстарды тыңдауға дайын болады. Ең бастысы - нық сөйлеп, түсінікті дәлелдер келтіру.
Балықтар
20.02 – 20.03
Мұқият болуыңыз басқалар байқамай қалуы мүмкін қателіктен сақтайды. Құжаттарға қол қоюға, хаттар жіберуге немесе жобаларды соңғы тексерусіз аяқтауға асықпаңыз. Бүгінгі жұмсалған бірнеше артық минут өте пайдалы болады.










