Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Салық кодексі азаматтардың мүддесін қалай қорғайды?

Жаңа Салық кодексі азаматтардың мүддесін қалай қорғайды?

Жаңа салық саясаты нақты секторды жан-жақты қолдауға және салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған.
Жаңа Салық кодексі азаматтардың мүддесін қалай қорғайды?
Фото: iStock
Ашық әрі тұрақты экономикалық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі – жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің күшіне енуі болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Реформа қазірдің өзінде елеулі макроэкономикалық нәтижелер көрсетіп отыр. Биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджет кірістері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шамамен 16%-ға өсті. Елдің кіріс базасын нығайтуға ҚҚС түсімдерінің шамамен бір жарым есеге артуы да елеулі үлес қосты.
Салық реформасының тиімділігі республикалық бюджеттің биылғы бірінші жартыжылдықтағы орындалу қорытындыларынан да көрінеді. Трансферттерді есептемегендегі бюджет кірістері 8,5 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,6%-ға орындалды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,6%-ға немесе 1,7 трлн теңгеге артық. Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі шаралардың нәтижесінде ҚҚС төлеушілер саны 22,3 мыңға артып, 158,2 мың субъектіге жетті. Осы оң үрдісті сақтап, нәтижесін нығайту мақсатында 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітілді.

КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталды, бірақ банк қызметі үшін ол 25%-ға дейін көтерілді. Ал аграрлық сектор үшін жеңілдетілген 3% мөлшерлеме белгіленді. ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16% болып бекітілді. Осы ретте дәрілік заттарға, оқу әдебиеттеріне және баспасөз өнімдеріне төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізілді. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК болып белгіленді.
Реформа аясында ЖТС бойынша прогрессивті мөлшерлеме енгізілді – жоғары табысқа салынатын салық. Енді жоғары табыс алатын азаматтар жылына 8,5 мың АЕК немесе 36,7 млн теңгеден асатын кіріс бөлігіне ғана 15% мөлшерлемемен салық төлейді.
Ал қалған азаматтар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар БЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылды. Сондай-ақ пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автокөліктер үшін көлік салығы 30%-ға, ал 20 жылдан асатын автокөліктер үшін 50%-ға төмендетілді.
Бұдан бөлек, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік салықтық шегерім мөлшері 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Салықтық әкімшілендіру жүйесі сервистік модельге көшуде: нәтижесінде, салықтар мен алымдардың жалпы саны 20%-ға, ал салықтық есептілік нысандарының саны 30%-ға қысқартылды. Реформаны үйлестіру мақсатында 239 нормативтік құқықтық акт қабылданып, Жобалық офис инфрақұрылымы құрылды.
15 шілде 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031