Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік бюджетке шамамен 11 трлн теңге кіріс түсті

Мемлекеттік бюджетке шамамен 11 трлн теңге кіріс түсті

Жоспар 106,4%-ға орындалды. 
Фото: canva.com
Қаржы министрі Мәди Такиев бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржы көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекеттік бюджеттің кірістері шамамен 11 трлн теңгені немесе жоспарға 106,4% құрады. Республикалық бюджет 31 млрд теңгеден аса артығымен орындалып, 100,5% атқарылды. Жергілікті бюджеттер де сенімді өсім көрсетті: кірістер 117% немесе 656,6 млрд теңгеге атқарылды. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда кірістердің өсу қарқыны мемлекеттік бюджет бойынша 118,8%, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 122% және жергілікті бюджет бойынша 114,3% құрады", – деді Мәди Такиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, салықтық, кедендік әкімшілендірудің арқасында 492 млрд теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.
"Жыл басынан бері қосылған құн салығын қайтару көлемі, өткен жылдың деңгейінен 12% артық орындалып, 768 млрд теңгені құрады", – деді министр.
15 шілде 2025 ж. 317 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031