Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде темекі шегетіндердің үлесі 15,1 пайызға дейін төмендеді – Ұлттық статистика бюросы

Елімізде темекі шегетіндердің үлесі 15,1 пайызға дейін төмендеді – Ұлттық статистика бюросы

Фото: istockphoto.com
2026 жылдың қаңтарында Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындар арасында темекіні тұтыну туралы кезекті жыл сайынғы сауалнама жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сауалнама республиканың барлық облысын, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.
Нәтижелер көрсеткендей, зерттелген үй мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 15,1% темекі шегеді, 2025 жылмен (17,5%) салыстырғанда 2,4 п.т. төмен. Ауылдық жерлерде темекі тұтынатындардың үлесі - 17,8%, қалалық жерлерде 14,0%. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 30,5%, ал әйелдер - 4,9% құрайды. Темекі тұтынатын халықтың жалпы санының 98,6% өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді, 0,4% электронды темекілер, 0,9% «IQOS», «GLO» тәрізді темекіні қыздыру құрылғысын, 0,1% темекі өнімдерінің басқа түрлерін тұтынады.


15 шілде 2026 ж. 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930