Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар темекі аз шегетін болған – Ұлттық статистика бюросы

Қазақстандықтар темекі аз шегетін болған – Ұлттық статистика бюросы

Фото: PLP
Қазақстандықтар темекіні бұрынғыға қарағанда аз тұтынатын болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда елдегі ересек тұрғындардың 17,5%-ы ғана темекі шегеді, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 20%-дан жоғары болған.
Зерттеу 2025 жылдың қаңтарында бүкіл ел бойынша жүргізіліп, 12 мың отбасы қамтылған. Әр үйден 15 жастан асқан бір адамға сұрақ қойылған.
Темекі шегушілер арасында ер адамдар көш бастап тұр, яғни әрбір үшінші ер адам шылым шегеді. Ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Яғни тек 5% ғана темекі тартады.
Қызығы, ауылдық жерлерде темекі шегу деңгейі әлі де жоғары: ауыл тұрғындарының 19,1%-ы темекі тартса, қалаларда бұл көрсеткіш 16,7%-ды құрайды. Шылымқорлардың басым бөлігі, яғни 93,8%-ы, дайын өндірістік темекіні тұтынуды жөн көреді.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап темекі бағасы қазақстандықтар үшін қымбаттады. Алты айдан кейін оның бағасы тағы да өспек.
16 шілде 2025 ж. 241 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031