Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдың жайы жанданды

Жолдың жайы жанданды

Сапалы жол – кез келген елді мекеннің дамуының басты көрсеткіші. Ол тек көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, экономикалық әлеуетті арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын маңызды инфрақұрылым. Соңғы жылдары өңірімізде асфальттау жұмыстары жаңа серпін алып, «жол азабы» ұғымы біртіндеп тарих қойнауына кетіп барады.
Жол құрылысы саласындағы ең басты талап – асфальттың сапасы. Бұрынғыдай «жамап-жасқау» әдісінен гөрі, капиталды жөндеуге басымдық берілуде. Мамандардың айтуынша, заманауи технологиялар мен сапалы материалдарды пайдалану жолдың қызмет ету мерзімін екі есеге ұзартады.Соңғы жылдары Қазалы ауданында аймақты төрт жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың, облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда.
Мәселен, биылдың өзінде аудан орталығындағы В.Счастнов орамы, Жанқожа 3 км, Төремұрат жырау орамы, Ы.Жақаев және Ш.Қалдаяқов сынды көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, С.Сейфуллин және Біржан сал көшелерінің асфальт қабатының тозған бөліктерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек аудан орталығындағы «Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту» жобасы мен Ағайынды Талқанбаевтар көшесін асфальттау, Т.Бөріқұлақов пен Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қолға алынған болатын. Қазіргі таңда Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі аяқталып, Ағайынды Талқанбаевтар көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары басталуда.
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ағайынды Талқанбаевтар көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын көріп, жұмыс сапасын бақылады. Жөндеу жұмыстарын «Қазалы Жолшы» ЖШС жүзеге асыруда. Жолдың жалпы ұзындығы 1,136 шақырымды құраса, жобаға сәйкес жолға 20 см қиыршық тас негізі, 8 см ірі түйіршікті және 7 см ұсақ түйіршікті асфальт-бетон қабаттары төселеді.Аудан басшысы мердігер мекеменің басшысына жұмыстың сапасына ерекше мән беріп, белгіленген жұмыстарды мерзімінде аяқтау керегін ескертті.Тұрғындар үшін қолайлы әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыру жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі. Нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығына тоқталған аудан әкімібарлығы бақылауда болатынын айтты. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін аталған көшелердегі тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруы жеңілдеп, жол қауіпсіздігі деңгейі едәуір артпақ.Басты мақсат – жол салу емес, сапалы жол салу. Ал бұл – мемлекет пен қоғамның бірлескен ісі.

Айнұр ӘЛИ
14 шілде 2026 ж. 34 0

Тазалық – ортақ іс

14 шілде 2026 ж. 42

Агрокешен: қарым қалай?

14 шілде 2026 ж. 51

Сапа бақылауда

14 шілде 2026 ж. 19

Жолдың жайы жанданды

14 шілде 2026 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031