Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықты “сыйлық“ үшін ақы төлеуге мәжбүрлемек болған: іске шенеуніктер араласты

Қазақстандықты “сыйлық“ үшін ақы төлеуге мәжбүрлемек болған: іске шенеуніктер араласты

Иллюстрациялық фото:depositphotos.com
Көкшетау тұрғыны Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне көмек сұрап жүгінді. Тұрмыстық техника таныстырылымына барған әйел бағалы сыйлықтардың иегері атанған, алайда бәрі ол ойлағандай оңай болмай шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Азаматшаның айтуынша, таныстырылым кезінде оған тегін аэрогриль ұтып алғаны хабарланып, сыйлық ретінде мұз еріткіш пен таба берілген. Кейінірек ол іс-шара барысында сатып алу-сату шарты жасалып, 406 мың теңге көлемінде несие рәсімделгенін білген.
Департамент мамандары әйелге құқықтық көмек көрсетіп, дауды сотқа дейінгі реттеуге жәрдемдесті. Азаматшаға оның тұтынушы ретіндегі құқықтары түсіндірілсе, сатушыға заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.
"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тараптар сатып алу-сату шартын бұзу туралы келісімге қол қойды. Құжат келісімшарттық міндеттемелерді тоқтатуды, тұтынушыға ақшаны қайтаруды және рәсімделген несиенің күшін жоюды қарастырады", - деп хабарлады комитет.
Қазақстандықтарға әрбір тұтынушының тауар, оның құны, сатып алу шарттары мен қаржылық міндеттемелері туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға құқылы екені ескертілді. Кез келген құжатқа қол қоймас бұрын оның мазмұнымен мұқият танысу, жарнамалық акциялардың әсерімен асығыс шешім қабылдамау, ал даулы жағдайлар туындағанда құқықтарды қорғау үшін уақытылы жүгіну ұсынылады.
13 шілде 2026 ж. 140 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031