Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сыйлық сертификатына қатысты қандай заң бар?

Қазақстанда сыйлық сертификатына қатысты қандай заң бар?

Сыйлық сертификаты (сыйлық картасы) – иесіне белгілі бір сомаға тауарларды немесе қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін купон немесе карта.
Қазақстанда сыйлық сертификатына қатысты қандай заң бар?
Фото: iStock
Сыйлық сертификатын сатып алу кезінде оны пайдалана отырып тауарлар мен қызметтерді сатып алу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының кейбір ережелерін білу қажет.
Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, сыйлық сертификатын сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзу көбінесе қосымша таңған талаптармен, шартты бұзудан және сертификат үшін төленген ақша сомасын қайтарудан бас тартумен, сертификаттың әрекет ету мерзімін шектеумен немесе оны ішінара пайдаланғаннан кейін қалған ақшаны қайтарудан бас тартумен байланысты екен, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сатушыға (орындаушыға) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізуге тыйым салады.
Сатушы (орындаушы) тиісті сападағы тауарды (көрсетілетін қызметті) сатушының (орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тауарды (көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарды немесе көрсетілетін қызметті таңдау кезінде қандай да бір артықшылықтарды, тікелей немесе жанама шектеулерді белгілеуге жол берілмейді.
Ішкі сауда қағидаларына сәйкес сатушы тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге өткізетін сыйлық сертификаттарының (тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған сертификаттардың) қолданылу мерзімі мен шарттарын сатушы белгілейтін, сатушы тегін негізде тарататын сертификаттарды қоспағанда қолданылу мерзімі үш жылға дейін болады.
Сыйлық сертификатын ішінара пайдаланған жағдайда, сома қалдығы бар сыйлық сертификаты үш жылдық қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзінің қолданылуын жалғастырады немесе сыйлық сертификатынан қалған сома өзі көрсеткен деректемелерге сыйлық сертификатын ұсынушының талабы бойынша қайтарылады. Бұл норма сатушы тегін негізде тарататын сертификаттарды қамтымайды, олардың қолданылу мерзімі мен шарттарын сатушы белгілейді.
Алайда, жоғарыда аталған талаптарды сатушы (орындаушы)  әрқашан орындай бермейді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат К. жүгінді. Ол Петропавл қаладағы дүкендердің бірінде келесі шарттардан тұратын сыйлық сертификатын сатып алды:
- сертификаттың қолданылу мерзімі 12 ай;
- сатып алу сомасы сыйлық сертификатының сомасынан аз болған жағдайда, ақшалай баламадағы айырманы төлеу жүргізілмейді;
- сыйлық сертификаты ақша сомасына айырбастауға және қайтаруға жатпайды.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тұтынушының жолданымы негізінде Департамент жоспардан тыс тексеру тағайындады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ңұсқама  шығарылды.
Қазіргі уақытта ңұсқаманы орындау шеңберінде сатушы сыйлық сертификатын пайдалану шарттарына өзгерістер енгізді, оның ішінде сертификаттың жарамдылық мерзімін оны берілген күннен бастап 36 айға дейін белгіледі. Енді осы сыйлық сертификаты туралы барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілген, тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар алып тасталды.
15 шілде 2025 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031