Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауда министрлігі 4 айда тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді 

Сауда министрлігі 4 айда тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді 

2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері азаматтардың құқықтарын жалпы сомасы 690,5 млн теңгеге қорғады. Бұл — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың нақты нәтижесі. Аталған кезеңде 122 тұтынушының мүддесін қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 461,9 млн теңге көлемінде өтемақы қайтарылды.

Осы істердің қатарында қайтарылған сома 5 млн теңгеден асқан жағдайлар да бар. Алматы қаласында пәтер сатып алған азаматқа заңмен көмек көрсетілді. Қабырғалардағы жарықтар, жылу оқшаулауының нашарлығы және шектен тыс шу деңгейі анықталған соң, тұтынушының шағымы негізінде 25,9 млн теңге қайтарылды. Астана қаласында премиум санатындағы автокөлік сатып алған азамат көліктің рулдік басқару жүйесіндегі ақауға тап болған. Сот процесіне департаменттің қатысуымен сатушыдан 45,8 млн теңге өндіру туралы шешім қабылданды. Мұндай ақауы бар автокөлікке қатысты істердің жалпы саны 21, ал қайтарылған қаражат көлемі 338,2 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, Павлодар облысында үш тұтынушыға 53,8 млн теңге, Қызылорда облысында техникалық талаптарға сай келмеген ойын жабдықтарын сатып алған тұтынушыға 6,4 млн теңге қайтарылды.

Бірнеше адамның құқықтары бұзылған ұжымдық шағымдарға да ерекше назарда. Павлодар облысында толық ақпарат берілмей рәсімделген косметикалық өнімдерге арналған несиелер бойынша 17 тұтынушыға 9,1 млн теңге қайтарылды. Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында тағы 33 тұтынушы сапасыз массаж жабдықтары, тұрмыстық техника және орындалмаған шипажай жолдамалары үшін 7,5 млн теңге көлемінде қаражаттарын қайтарып алды. Атап айтқанда, Шымкент қаласында бес тұтынушыға 1,3 млн теңге, Сарыағаш ауданында шипажай жолдамалары үшін төленген 1 млн теңге қайтарылды.

Кейбір даулар сот арқылы шешілді, өйткені құқық бұзушылықтар ондаған тұтынушыны қамтыды. Жетісу облысында смартфонды жеткізбегені үшін департамент сотқа жүгініп, нәтижесінде 17 тұтынушыға 7,2 млн теңге қайтару туралы шешім шықты. Оның ішінде тоғыз тұтынушы ақшасын сот шешіміне дейін қайтарып алған. Павлодар облысында көрсетілмеген қызметке қатысты дау медиация тәртібімен аяқталып, 12 тұтынушыға 900 мың теңге қайтарылды.

Аталған төрт айдың қорытындысы аумақтық департаменттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Құны жоғары тауарларға қатысты жеке даулардан бастап ұжымдық мәселелерге дейін — әрбір қорғалған іс елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің нақты әрі тиімді жұмыс істеп отырғанын дәлелдейді.

Қызмет бағыты
Тұтынушылар құқығын қорғау
22 мамыр 2025 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031