Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Үндістанда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ресми ойын-сауық шаралары тоқтатылады.
Фото: depositphotos.com
Үндістан Үкіметі Қатардың Әмірі - әкесі Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Үндістан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін бүкіл ел аумағында мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ресми ойын-сауық шаралары тоқтатылады.
Айта кетейік, 12 шілдеде «Әмір-Әке» ресми лауазымына ие Қатардың бұрынғы әмірі, шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Шейх Хамад Қатарды 1995 жылдан 2013 жылға дейін басқарды. Оның билігі кезінде ел ауқымды экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жаңғырудан өтіп, сығымдалған табиғи газды әлемдегі жетекші өндірушілер мен экспорттаушылардың біріне айналды.
Солтүстік газ кен орнын белсенді түрде игерудің арқасында Қатар сығымдалған табиғи газ экспорты бойынша әлемдік көшбасшы атанды және өзінің экономикалық ықпалын айтарлықтай арттырды.
Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты
13 шілде 2026 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031