Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент бүгін Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады

Президент бүгін Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады

Ақорда Мемлекет басшысының қатысумен өтетін іс-шаралар аңдатпасы н жариялады, деп хабарлайды baq.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні елордада Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады
Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы жоғары әскери оқу орнының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырады.
8 маусымда Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді
«Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында» атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.
Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
05 маусым 2023 ж. 359 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 110

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930