Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мьянмада жер сілкінісіне байланысты ұлттық аза тұту жарияланды

Мьянмада жер сілкінісіне байланысты ұлттық аза тұту жарияланды

Мьянмада жер сілкіністері кезіндегі адам шығынына байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Осы күндері ел бойынша қаза тапқандарды еске алу белгісі ретінде мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: AP/Myo Kyaw Soe
Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн жер сілкінісі салдарынан 1700-ден астам адамның қаза болуына байланысты бір апталық ұлттық аза тұту жариялады.
“Қаза тапқадарды еске алу және одан келген зардаптарға байланысты 2025 жылғы 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл күндері мемлекеттік ту төмен түсірілуі керек”, – деді Мин Аун Хлайн өз мәлімдемесінде.
30 наурыз күні қытайлық Синьхуа ақпарат агенттігі билікке сілтеме жасап, Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны шамамен 1,7 мыңға дейін өскенін, 3,4 мың адам жарақат алып, тағы 300-дей адам із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады.
Еске салайық, Оңтүстік-Шығыс Азияда екі күшті жер сілкінісі болды. Соның салдарынан Бангкокта салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Мьянмада тіркелді. Әлеуметтік желіде кран орнатылған биік ғимараттың құлап, үлкен шаң бұлты көтерілгені, ал адамдардың айқайлап, жан-жаққа қаша бастағаны көрсетілген видеолар тарады. 29 наурыз күні елде магнитудасы 5,1 баллдық тағы бір жер сілкінісі болды.
01 сәуір 2025 ж. 358 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031