Бүгінгі жұлдыз жорамал: кімге ескі қарызы қайтарылады, кім жаңа табыс көзін ашады?
Барлық зодиак белгілері үшін 2026 жылдың 3 маусымына арналған жұлдыз жорамал. Бұл күн көпшілікті ақшаны, шығындарды және өзін-өзі бағалауды қайта қарастыруға мәжбүр етеді. Кейбіреулер күтпеген жерден пайда табады, ал басқалары бюджетін қайта қарауға мәжбүр болады.
Тоқты
21.03 - 20.04
Бүгін сіз кейбір адамдардың сізден тым көп нәрсені тегін алуға дағдыланып кеткенін анық сезінесіз. Бұл тек ақшаға ғана емес, сонымен бірге уақытыңызға, көмегіңізге немесе тәжірибеңізге де қатысты болуы мүмкін. Бүгінгі күн өз үлесіңізді шынайы бағалауға итермелейді. Егер қызметіңіздің құнын көтеруді немесе еңбекақыны талқылауды бұрыннан ойлап жүрсеңіз, қазір мұндай әңгімелер үшін қолайлы сәт. Сіздің күш-жігеріңіз өзіңіз ойлағаннан да жоғары бағаланады.
Торпақ
21.04 - 21.05
Бұрыннан алғыңыз келіп, бірақ үнемі кейінге шегеріп жүрген затты кездестіру мүмкіндігі туып тұр. Оның үстіне, бұл ұсыныс өте тиімді болуы мүмкін. Алайда, жұлдыздар эмоцияға беріліп сауда жасамауға кеңес береді. Егер бұл тілегіңіз бірнеше сағаттан кейін де басылмаса, онда бұл сатып алу тек қуаныш сыйлап қана қоймай, нақты пайдасын да тигізеді. Бүгінгі күн жайлылыққа жасалған саналы инвестициялар үшін қолайлы.
Егіздер
22.05 - 21.06
Бүгін қаржылық ақпарат күтпеген жерден келеді. Бұл төлем, қаражаттың қайтарылуы, жеңілдік немесе жаңа табыс көзі туралы жаңалық болуы мүмкін. Пайдалы мәлімет басқа адаммен сөйлесу кезінде де айтылып қалуы ықтимал. Мұқият тыңдап, сұрақтар қоя білу маңызды. Кейде табыс дәл уақытында алынған кеңестен басталады.
Шаян
22.06 - 22.07
Бүгін сіз ақша жинауға тұрарлық нақты мақсат туралы ойлануыңыз мүмкін. Қаражатты тек "әр нәрсенің реті болар" деп жинай салмай, оны не үшін істеп жатқаныңызды түсіну маңызды. Бұл күн ұзақ мерзімді жоспарлар құруға және болашаққа нық сеніммен қарауға көмектеседі. Қазір жиналған азғантай соманың өзі жан тыныштығын сыйлайды. Ал бүгінгі таңда басты байлық - дәл осы сабырлылық болмақ.
Арыстан
23.07 - 21.08
Сізден ақшалай көмек сұрауы, сыйлық жасауды өтінуі немесе ортақ шығындарға қатысуыңызды қалауы мүмкін. Жақындарыңызға қолдау көрсету ниетіңіз шынайы болғанымен, өз мүддеңізді де ұмытпағаныңыз жөн. Бүгінгі күн мынаны еске салады: жомарттық тек өзіңізге қиындық тудырмаған жағдайда ғана жақсы. Көмекті міндетсінгендіктен емес, шын жүректен көрсетіңіз.
Бикеш
22.08 – 23.09
Егер шығындарды, жазылымдарды, төлемдерді немесе ескі шоттарды ретке келтіруді бұрыннан жоспарлап жүрсеңіз, бүгін - соған ең қолайлы күн. Сіз баяғыда-ақ пайдасыз болып қалған шығын баптарын тауып алуыңыз мүмкін. Тіпті бюджетке жасалған кішігірім ревизияның өзі қаржыны бақылауда ұстау сезімін сыйлайды. Кейде қаржылық өсім жаңа табыстан емес, сауатты тәртіптен басталады.
Таразы
24.09 - 23.10
Бұл күн кішігірім қаржылық олжамен қуантуы мүмкін. Бұл жеңілдік, сыйлық, өтемақы немесе тиімді ұсыныс болуы ықтимал. Сома аса үлкен болмаса да, бұл жайт көңі күйіңізді көтереді. Бастысы мұны бәрін бірден жұмсап жіберуге себеп ретінде қарамау. Кейде кішігірім сәттілік маңыздырақ мүмкіндіктердің бастауы болып жатады.
Сарышаян
24.10 - 22.11
Бүгін ескі қаржылық мәселелерді жабуға жақсы күн. Егер аяқталмаған келісімдер, кешіктірілген уәделер немесе бұрыннан қалған есеп айырысулар болса, соларға көңіл бөліңіз. Мұндай міндеттемелерден құтылу сіз күткеннен де үлкен жеңілдік әкеледі. Бүгінгі күн қаржылық еркіндіктің өткендегі тәртіптен басталатынын көрсетеді.
Мерген
23.11 - 22.12
Күтпеген идея қосымша табыс табудың жолын нұсқауы мүмкін. Әзірге ол маңызды жоба емес, қызықты тәжірибе сияқты көрінеді. Бірақ дәл осындай идеялар қазір назар аударуға тұрарлық. Алғашында тым қарапайым көрінген ұсыныстардан бас тартпаңыз. Кейде қомақты қаражат мүлдем күтпеген жерден келеді.
Тауешкі
23.12 - 20.01
Бүгін алдағы жалақы немесе сатып алу туралы емес, ұзақ мерзімді келешек туралы ойланған пайдалы. Мүмкін, жаңа қаржылық мақсат қоятын уақыт келген шығар. Бұл күн жоспарлау мен есеп айырысу үшін қолайлы. Мақсатыңыз неғұрлым нақты болса, оған жету жолы да соғұрлым жеңіл болмақ. Қазір сіз болашақ жетістіктің іргетасын қалауға қауқарлысыз.
Суқұйғыш
21.01 - 19.02
Көңіл күйдің жетегімен ақша жұмсап қою қаупі бар. Әсіресе, қарбалас кезеңнен кейін өзіңізді тез арада қуантқыңыз келсе. Бүгінгі күн сауда жасауға тыйым салмайды, бірақ өзіңізге мынадай қарапайым сұрақ қоюды ұсынады: бұл зат сізге ертең де керек пе, әлде тек бүгін ғана ма? Жауап артық шығыннан сақтап, қаражатты шын мәнінде маңызды нәрсеге сақтауға көмектеседі.
Балықтар
20.02 – 20.03
Бүгін сіздің ішкі түйсігіңіз біреудің кеңесінен гөрі пайдалырақ болуы мүмкін. Егер қандай да бір ұсыныс шындыққа жанаспайтындай тым керемет көрінсе, оны мұқият тексерген жөн. Ал егер идея бойыңызда нық сенім ұялатса, оған тереңірек үңіліңіз. Бүгінгі күн интуицияның қаржылық шешімдерді салмақты қабылдауға көмектесетінін дәлелдейді.













