Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда "Құрметті донор" жаңа ведомстволық наградасы енгізілді

Қазақстанда "Құрметті донор" жаңа ведомстволық наградасы енгізілді

Алғашқы кезеңде 481 донор марапатқа лайық деп танылды.  
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram
Қазақстанда қан донорларын ынталандыру мақсатында алғаш рет "Құрметті донор" ведомстволық төсбелгісі тағайындалды. Тиісті қаулыны Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа марапаттың алғашқы иегерлері белгіленген талаптарға толық сай келетін 481 тұрақты донор болады. Төсбелгі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде кемінде 40 рет қан немесе тромбоцит, не 70 рет қан плазмасын тапсырғаны үшін беріледі.
Төсбелгіні Қазақстан теңге сарайы дайындайды. Оның негізгі белгісі – қызыл түсті эмальмен көмкерілген қан тамшысы. Тамшының ішінде ақ түсті эмальмен бейнеленген жүрек соғысының графикалық ырғағы орналасқан, ал бүкіл композиция күңгірт өңделген дөңгелек жиекпен қоршалған.
Жыл сайын елімізде 180 мыңнан астам адам донор атанып, 255 мыңнан астам донорлық рәсім жасайды. Соның нәтижесінде 80 мыңнан астам пациентке қан құйылып, олардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туады.
Еске салайық, қолданыстағы заңнамаға сәйкес донорлар медициналық тексеруден өту және қан тапсыру күндері жұмыс орнынан орташа жалақысы сақтала отырып босатылады.
13 шілде 2026 ж. 194 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31