Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 3 мыңнан аса адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Қазақстанда 3 мыңнан аса адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елде жыл сайын ағза ауыстыруға мұқтаж жандардың саны артып келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бүгінде 3 мыңнан астам адам өз кезегін күтіп жүр. Өкініштісі, пациенттер трансплантация күніне жетпей, көз жұмады. Бұл туралы «Ю-ЭМ-СИ» корпоративтік қорының баспасөз конференциясында айтылды. Қазіргі таңда бүйрек ауыстыру кезегінде 108 бала тұр. Өйткені елде мәйіттік донор жоқтың қасы. Ал соңғы жылы 120 донорлық ағза ауыстыру операциясы жасалды. Олардың 113-і тірі, ал 7-і мәйіттік донор. Бүгін Астанада «Транс-плантейшин Ин центр Азиа» атты халықаралық конференциясы басталды. Оған 20-дан астам шетелдік маман қатысты. Олар Испания, Швейцария, Сло-вения, АҚШ, Германия елдерінен келген.

«Әдетте бізде ата-аналары мен бауырлары донор болады. Ағза ауыстыруға мұқтаж жандарға донор болғандардың 46 проценті өз аналары. Ал кей кезде әкелері де өз ағзасын балаларына береді. Егер мәйіттік донор болғанда, мұндай қадамға олар бармайтын еді. Мәселен, 10 жыл ішінде 1600-ден аса операция жасалған. Ал оның 1400-і туысқандық донор. Сонда мың жарым қазақстандық бір бүйрекпен өмір сүріп жатыр. Бұл өкінішті жағдай», - дейді «UMC» корпоративтік қоры медициналық директордың орынбасары Шолпан Алтынова.
22 қыркүйек 2022 ж. 234 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 103

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930