Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жаяу жүргіншілер жолы құрылысының сапасын бақылады

Аудан әкімі жаяу жүргіншілер жолы құрылысының сапасын бақылады

Биыл тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау бағытында Әйтеке би кентіндегі Т. Бөріқұлақов және 5 квартал аумағындағы Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары басталған болатын.
Қазіргі таңда Т. Бөріқұлақов көшесіндегі ұзындығы 2,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы аяқталу кезеңіне жетіп, асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталуда. Ал ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын Жетес би көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына алдағы күндері асфальт төсеу жұмыстары басталады.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Т. Бөріқұлақов көшесіндегі құрылыс жұмыстарының барысын арнайы барып көріп, мердігер мекеме өкілдері мен жауапты сала мамандарына жұмыстың сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ тұрғындар игілігі үшін салынып жатқан әрбір инфрақұрылым нысаны белгіленген талаптарға сай, сапалы әрі уақытылы аяқталуы қажет екенін ескертті.
Аудан орталығындағы салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы шілде айының аяғына дейін толықтай аяқталып, пайдалануға берілетін болады
12 шілде 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031