Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа үлгідегі төлқұжат әзірленіп жатыр

Қазақстанда жаңа үлгідегі төлқұжат әзірленіп жатыр

AI көмегімен жасалды
Фото: AI көмегімен жасалды
Қазақстанда жаңа үлгідегі төлқұжат әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жаңа құжаттың дизайны кәсіби дизайнерлердің қатысуымен әзірленіп жатыр. Жоба халықаралық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып жасалып жатыр.
Әзірге жаңа төлқұжаттың эскиздері көпшілікке ұсынылған жоқ. Сондай-ақ оның нақты қашан қолданысқа енгізілетіні туралы да ресми ақпарат жарияланбаған. Министрлік бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар ІІМ әлеуметтік желілерде тарап жатқан жаңа төлқұжаттың суреттеріне қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, интернетте жарияланған бейнелердің ресми әзірленіп жатқан жобаға ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сенуге кеңес берілді.
Министрлік қолданыстағы көгілдір түсті төлқұжаттардың жарамдылығы сақталатынын да нақтылады. Азаматтарға құжаттарын шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ. Қазіргі төлқұжаттарды олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін еш кедергісіз пайдалануға болады. Жаңа үлгідегі құжаттар кезең-кезеңімен енгізіліп, мерзімі біткен немесе жаңадан рәсімдейтін азаматтарға беріледі деп күтілуде.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда құжаттарды рәсімдеу құны өсті. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін ұлғаюы себеп болды. Соған сәйкес мемлекеттік баж мөлшерлері де өзгерді.
©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Қазіргі таңда 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төлқұжаттың құны – 17 300 теңге (4 АЕК). 36 беттік төлқұжатты рәсімдеу үшін 34 600 теңге (8 АЕК), ал 48 беттік төлқұжат үшін 51 900 теңге (12 АЕК) төлеу қажет.
Жеке куәлікті рәсімдеу құны 865 теңгені (0,2 АЕК) құрайды. Дегенмен азаматтарға жеке куәлік алғаш рет рәсімделгенде немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырылған жағдайда құжат тегін беріледі. Ал егер азамат бір жыл ішінде жеке куәлігін екі реттен артық жоғалтса, оны қайта рәсімдеу үшін 4 325 теңге (1 АЕК) көлемінде мемлекеттік баж төленеді.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігін беру құны 5 406 теңгеге (1,25 АЕК) дейін өсті. Неке туралы куәлікті рәсімдеу үшін 4 325 теңге (1 АЕК), ал некені бұзу рәсімі үшін 8 650 теңге (2 АЕК) мемлекеттік баж белгіленген. Ал туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі. Алайда құжат жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны қайта алу үшін 2 163 теңге (0,5 АЕК) төлеу қажет.
29 маусым 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930