Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні рас па?

Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні рас па?

Фото:depositphotos.com
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан азаматтарына, 1949–2010 жылдар аралығында туғандар үшін, 70 000 теңге көлемінде төлем жасалады деген ақпарат тарап жатыр. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрлік түсіндірмесі:
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан 70 000 теңге көлеміндегі төлем туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Белгісіз тұлғалар азаматтарға сілтеме арқылы өтіп, өтінім беруін ұсынады", – делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство мұндай әлеуметтік көмектің мүлде жоқ екенін және ұсынылған сілтеме арқылы өту – алаяқтардың жеке мәліметтерді ұрлау әрекеті болуы мүмкін екенін ескертті.

Министрлік ұсынған кеңестер
Сілтемеге еш жағдайда өтпеңіз;
Ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен келетін SMS арқылы таратылады;
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана тексеріңіз;
Жалған ақпарат таратқандар заңмен қудаланады.

ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП АЛЫҢЫЗ
2024 жылдың күзінде де дәл осындай жалған ақпарат тараған болатын. Онда да адамдарға 70 мың теңге көлемінде өтемақы төленетіні айтылып, белгісіз сілтемеге өту ұсынылған еді. Ол кезде де министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарған.
07 тамыз 2025 ж. 356 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 118

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 101

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 110

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031