Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конгода Эбола өршіп барады: Жұқтырғандар саны мың адамға жақындады

Конгода Эбола өршіп барады: Жұқтырғандар саны мың адамға жақындады

Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырғандар саны 956 адамға жетті. Аурудан 247 адам қайтыс болған, ал халықаралық ұйымдар індетпен күреске қаржының жеткіліксіз екенін айтып дабыл қағуда.
istockphoto.com
Фото: istockphoto.com
Конго Демократиялық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі елде Эбола безгегін жұқтырудың 956 жағдайы расталғанын және аурудан 247 адамның көз жұмғанын хабарлады. Соңғы бір тәулікте тағы 23 жаңа науқас анықталған.
Билік өкілдерінің мәліметінше, індет әлі де өршу кезеңінде тұр. Сондықтан жұқтырғандар саны алдағы уақытта артуы мүмкін.
Осылайша, елдегі расталған ауру жағдайларының жалпы саны мың адамға жуықтады.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы Эбола безгегінің өршуіне қарсы шараларды күшейту үшін ел ішінде және халықаралық деңгейде қолдануға 107 миллион доллар көлемінде шұғыл қаржы бөлетінін мәлімдеді.
Африкадағы жетекші денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Конго мен Угандадағы індетпен күрес шараларын қолдауға уәде етілген қаражаттың әзірге 10 пайызға жетер-жетпес бөлігі ғана түскен.
Донорлар жалпы көлемі 910 миллион доллар бөлетінін мәлімдеген. Оның ішінде Африка одағына мүше мемлекеттердің үлесі 80 миллион долларды құрайды. Алайда Африканың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы өкілінің айтуынша, зардап шеккен елдерге осы уақытқа дейін нақты бөлінген қаражат көлемі 90 миллион долларға да жетпеген.
11 маусымдағы мәлімет бойынша, безгектен айыққан адамдар саны 30 адамды құраған. Содан бері сауығып шыққандар туралы деректер өзгермеген.
Еске салайық, Bundibugyo вирусы алғаш рет 2007 жылы анықталған. Бұл вирус кеңінен белгілі Zaire штамына қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Сондықтан ол жеткілікті деңгейде зерттелмеген және өлім-жітім көрсеткіші жоғары аурулардың қатарына жатады.
Қазіргі кезеңде науқастарға көрсетілетін емдеу қолдаушы терапиямен және асқынуларды бақылаумен ғана шектеліп отыр. Ал бұл вирусқа қарсы вакцинаны 2026 жылдың соңына қарай ғана күтуге болады.


22 маусым 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930