Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық эстафетада қазалылық отбасы жүлдегер атанды.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық эстафетада қазалылық отбасы жүлдегер атанды.

Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Салауатты отбасы - мемлекеттің берік тірегі» атты эстафеталық жарыс өтті.
Қызылорда қаласында өткен отбасылық жарыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, олардың отбасымен уақытты тиімді өткізуіне ықпал ету, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорт арқылы отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Эстафеталық сайысқа Қазалы ауданының атынан Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұржан Аралбаев отбасы мүшелерімен бірге қатысып, жүлделі II орынды иеленді.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен эстафеталық жарыста жүлделі екінші орын иеленген Аралбаевтар отбасын құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыс пен отбасыларына амандық тілейміз.
25 маусым 2026 ж. 133 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 44

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31