Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығын әртараптандыру жобалары талқыланды.

Қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығын әртараптандыру жобалары талқыланды.

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев қытайлық компаниялардың өкілдері Ван Дэфэнг, Лю Сювэй, Ван Цинцай және Бай Яньлунмен кездесті.
Кездесуде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын енгізуге, суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.
– Биыл облысымызда дәндік жүгері 10 мың гектарға егілді. Жүгеріні терең өңдеу және тұқым шаруашылығын дамытуға, минералды тыңайтқыштар өндірісіне, жоңышқаның экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытамыз.
Инвесторлармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға әрдайым дайынбыз, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Кездесуде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Басты артықшылықтар қатарында аймақтың халықаралық көлік дәліздерінің бойында орналасуы, суармалы жер қорының молдығы және қолайлы табиғи-климаттық жағдайы атап өтілді.
Бүгінде облыста 286 мың гектар суармалы жер бар. Оның 178,6 мың гектары – инженерлік жүйеге келтірілген күріш ауыспалы егістіктері.
Кейінгі жылдардағы су тапшылығына байланысты күріш егістігі оңтайландырылып, ылғалды аз қажет ететін дақылдар көбейтілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу үшін республика көлемінде кешенді шаралар қабылданып, мемлекеттік қолдау тетіктері іске қосылды.
Айта кетейік, су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды субсидиялау үшін алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 маусым 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930