Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны тұрақты бақылауда

Агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны тұрақты бақылауда

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егін егу жұмыстарының қорытындысы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар маңызды тапсырма жүктеді.

–Соңғы жылдары аймағымызда вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде. Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл күріш егісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 900 гектарға қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Қысқартылған күріш алқаптарының орнына суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары дақылдар егу қолға алынды.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу үшін алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның 10 млрд теңгеге жуығы биыл бөлінді. Осыған байланысты 2028 жылға дейін егіс алқаптарын әртараптандырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Биыл облыста 185 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 70 мың гектарға күріш егіліп, суға бастырылды. Сондай-ақ 10 мың гектарға жүгері, 9,7 мың гектарға басқа да дәнді дақылдар себілді.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ылғал үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 14 200 гектарға жетті. Егістіктердегі су шығынын азайту үшін 65 мың гектар күріш алқабы лазерьмен тегістелді.

Облыстың мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсім қалыптасып, өндірілген өнім көлемі артып келеді. Қазір агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнімнің 30 пайыздан астамы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі.

Жыл басынан бері өңірде 11,7 мың тонна ет және 13,4 мың тонна сүт өндірілді. Бұл көрсеткіштерді одан әрі арттыру мақсатында екі жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, жылына 3 500 тонна ет өндіретін құс фермасы мен сүт өндіретін ферма пайдалануға беріледі.

Жалпы, аймақта асыл тұқымды ірі қара саны 18,1 мың, асыл тұқымды қой саны 252, 7 мың, жылқы саны 3,3 мың, ал түйе саны 700 басқа жетті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
05 маусым 2026 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930