Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды

Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің қолдауымен, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің жетекшілігімен Қызылорда облысының делегациясы Париж қаласына жұмыс сапарын бастады.
Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды
Сапардың мақсаты – өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстыру, Францияның жетекші компанияларымен, іскерлік ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту.
Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды
Алғашқы күні делегация мүшелері бірқатар жетекші компания басшыларымен және өкілдерімен B2B форматында келіссөздер жүргізді. Олардың қатарында «Maisadour», «Hemp-it»,«LAROCHE Group», «Irri France», «Heartland Capital», «TotalEnergies» және «SUEZ» компаниялары бар. Кездесулерде ауыл шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, техникалық қарасора өсіру, су үнемдеу технологиялары, жаңартылатын энергетика, экология және инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды
Сапар аясында екі маңызды үшжақты меморандумға қол қойылды. Қызылорда облысының әкімдігі, «Maisadour» және «Harvest Agro» компаниялары арасында жүгері тұқымдарын өндіру бойынша үшжақты меморандум жасалды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімдігі, «Hemp-it» және «Harvest Agro» компаниялары арасында техникалық қарасора тұқымдарын өңдеу және өндіру бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды.
Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды
Бұл келісімдер өңірде заманауи агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға, жоғары сапалы тұқым шаруашылығын жолға қоюға, жаңа экспорттық бағыттарды қалыптастыруға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды
Қызылорда облысы делегациясының Францияға жұмыс сапары басталды
Сонымен қатар, делегация мүшелері Францияның «MEDEF International» ұйымы бас директорының орынбасарымен кездесті. Бұл – Францияның ірі кәсіпорындары мен кәсіпкерлер федерацияларын біріктіретін беделді үкіметтік емес құрылым. «MEDEF International» ұйымының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде Ардақ Зебешев өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырып, өзара тиімді әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды. Француз бизнес қауымдастығы Қызылорда облысының бастамаларына қызығушылық білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 мамыр 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031