Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім мен табандылық жемісі

Білім мен табандылық жемісі

Қазалы ауданындағы Мұстафа Матаев атындағы №170-ші орта мектептің жас түлегі, Азамат Серікұлы республикалық «Ел Үміті» премиясының лауреаты атанды.
Аталған марапат Қазақстанның білім саласындағы дарынды жастарды қолдау мақсатында құрылып, еліміздегі ең үздік жетістіктерге жеткен жас таланттарды мойындауды көздейді. Азаматтың осы атаққа ие болуы, оның таланты мен табанды еңбегінің жемісі.
«Ел Үміті» жобасы Қазақстанның талантты жастарын жан-жақты қолдап, олардың әлеуетін арттыру үшін арнайы ұйымдастырылған. Жоба мектеп жасындағы жастардың білім, спорт, шығармашылық және қоғамдық өмірде айтарлықтай жетістіктерге жетуіне көмектесуді мақсат етеді. Маңызды жоба барысында қатысушылар тұлғалық даму кезеңінен өтіп, өз идеялары мен жобаларын қорғайды. Қорғау рәсімі сәтті өткендерге 1000000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық беріледі. Қаражат олардың бастамаларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар жоба аясында жыл сайын «Ел Үміті» жазғы білім беру лагері ұйымдастырылады. Лагерьдің мақсаты – оқу кезеңіндегі жоғары нәтиже көрсеткен 200 белсенді қатысушыны біріктіру. Лагерьде оқыту тренингтері, шеберлік сабақтары және мотивациялық кездесулер өткізіледі. Ал кешкі уақытта мәдени демалыс шаралары ұйымдастырылады.
Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті. Мұнда Азамат өзінің жетістіктері үшін 1000000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл сыйлық Назарбаев Қоры мен Freedom Bank-тың қолдауымен ұйымдастырылды. Марапаттау рәсімінде Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет саласындағы белгілі тұлғалары, министрліктің өкілдері және басқа да қонақтар қатысып, жастарды қолдауға, олардың жетістіктеріне тәнті болуға мүмкіндік алды.
Азаматтың жетістігі – жеке қарапайымдылығы, білімге деген құштарлығы, сонымен бірге мектебі мен ұстаздарының және ауданның кәсіби деңгейінің көрсеткіші. Ол өзінің дарыны мен қабілеттерін іске асыра отырып, ауданның білім саласының мәртебесін асыра білді. Азамат Әбдібайдың талпынысы мен табысы көптеген жастар үшін үлгі болып табылады.
Азаматқа алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен мол табыстар, жарқын болашақ тілейміз. Жастардың білімге, ғылымға және өнерге деген ынтасын қолдап, ел болашағының жарқын екеніне сенім білдіреміз.
Азаматтың жеңісі – өзінің туған жеріне қызмет етіп, ұлттық құндылықтарды сақтаудың және дамыту мен өркендеудің бір белгісі. Елдің дамуы мен болашағы білім мен ғылымға деген сеніммен тығыз байланысты, ал Азаматтың жеңісі соның айқын дәлелі.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 маусым 2026 ж. 53 0

Серт пен міндет биігінде

23 маусым 2026 ж. 40

Еңбекпен өрілген жол

23 маусым 2026 ж. 52

Гүл жайнаған балғындар

23 маусым 2026 ж. 39

Ұлттың алтын діңгегі

23 маусым 2026 ж. 36

Елге қызмет-ерге міндет

23 маусым 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930