Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметті жақсартар жабдық

Қызметті жақсартар жабдық

Технологиялық жетістіктердің денсаулық сақтау саласына әсері зор, әсіресе соңғы 20 жылда компьютерлік технологияның енгізілуімен медицинадағы жаңа мүмкіндіктер мен шешімдер қарқынды дамыды. Ғылым мен техникалық прогрестің комбинациясы халық денсаулығын жақсартуға жағдай жасайтын озық медициналық технологиялардың тұрақты дамуын ынталандырады. Осындай жаңа технологиялардың арқасында адамдардың өмір сүру сапасы мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі айтарлықтай артып отыр.
Медициналық технологиялардың жаңартылуы мен инновацияларға денсаулық сақтау құрылымдары арасында жаһандық мәселе ретінде қарау қазіргі заманның қажеттіліктерінің бірі. Әрбір медициналық сала жоғары деңгейлі технологияларды талап етіп, емдеу процедураларының сенімділігін арттыруға, науқастардың өмірін сақтап қалуға, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетуге ыңғай жасайды. Осыған байланысты заманауи медициналық жабдықтар мен технологиялар денсаулық сақтау мекемелерінің абыройын арттыруға, науқастар мен қызметкерлер арасындағы сенімділікті нығайтуға үлкен әсер етеді.
Инновацияларды енгізу және дамыту медицина саласында күн сайын жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Қазалы теміржол ауруханасы соңғы үлгідегі шетелдік компьютерлік томография аппаратына ие болып, медициналық қызметтерін жақсартып, ұдайы біліктілігін дамытып келеді. Соның бірі – Neusoft Medical компаниясының өндірген жабдығы медициналық бейнелеу шешімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол денсаулық сақтау мекемелеріне диагностикалау мен емдеу барысында жаңа биіктерге жетуге ықпал етеді.
Neusoft Medical – әлемдегі медициналық бейнелеу шешімдерінің жетекші өндірушілерінің бірі, оның штаб-пәтері аспан асты елінде орналасқан. Компания өте заманауи медициналық қиындықтарды шешуге арналған құралдарды шығарады және ғылыми зерттеулерді белсенді түрде жүргізеді. Олардың филиалдары мен ғылыми-зерттеу орталықтары әлемнің бірнеше ірі қаласында тұрақты жұмыс істеуде. Бұл компанияның ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерін үздіксіз жетілдіруіне мүмкіндік береді.
Медицина саласындағы ашылулардың қарқыны қаржылық инвестициялар мен энтузиастар және ғалымдардың тамаша еңбегімен байланысты. Ғылымның әртүрлі салаларына жүргізілген зерттеулер дәрігерлерге ауруларды алдын алу, диагноз қою және емдеу үдерісінде айтарлықтай жетістіктерге жетуге көмектесіп келеді. Мәселен, эндоскопия, ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография және МРТ сынды диагностикалық әдістер, дәрігерлердің науқастарға сапалы және тиімді қызмет көрсетуіне негізделген.
Қазалы теміржол ауруханасының басшысы Құбыл Ршымбетов мәлімдегендей, қазіргі уақытта медицинадағы инновациялар науқастардың өмір сүру ұзақтығын арттыруда және аурудың бастапқы кезеңдерінде диагноз қоюға таптырмас мол мүмкіндік сыйлайды. Мұндай жетістіктер медицинадағы ғылымның рөлін көрсетеді. Себебі уақыт өте келе ауруларды тиімді емдеу және алдын алу әдістері дамып келеді.
Теміржол ауруханасының зертханасы үнемі жаңаша технологиялармен жабдықталып, медициналық зерттеулерді жүргізуге арналған жаңа құралдармен толықтырылуда. Кеудені мақтаныш керней көрсете алатын заманауи құрылғылар қатарында жаңа SCAN-10 бактериологиялық анализаторы мен D2 mini аппараты науқастардың емдеуге қажетті анализдерін жылдам әрі дәл анықтауға қауқары бар. Аталған жаңа құралдардың қолданылуы, қанның стерильдігі мен антибиотикке сезімталдығын анықтауда, ауруды емдеу процесін жақсартады.
Сонымен қатар ПЦР зертханасы, COVID-19 пандемиясы кезінде халықтың денсаулығын қорғауға зор үлес қосқан болатын. Қазіргі уақытта инфекцияның таралуы азайған кезде, зертхана жаңа онкомаркерлер мен жұқпалы ауруларға тапсырыс беруге және зерттеулер жүргізуге бет бұруда.
Зертхана меңгерушісі Айнагүл Исаева атап өткендей, жаңа технологиялар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әрі науқастардың қажеттіліктеріне жедел жауап беруге арналған.
Осылайша заманауи медициналық технологиялардың жетістіктері тұрғындарға қолжетімді медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және науқастардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға бағытталған.
Медицинаның қазіргі кезеңі ғылыми прогресті пайдаланып, халықтың денсаулығын жақсартуға, инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу арқылы науқастарға тиімді және сапалы көмек көрсету басты мақсаттарының бірі саналады. Енді медицина саласындағы өзгерістер мен жетістіктер халықтың тіршілік қауіпсіздігіне, денсаулығына, әлеуметтік жағдайына тікелей ықпал етеді және әлемдік деңгейдегі медициналық қызметтердің сапасын көтеру үшін тұрақты дамуды талап етеді.
Сондықтан да, денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды дамыту мен жүзеге асыру медициналық мекемелердің, ғалымдардың және өнеркәсіптік компаниялардың және қоғамның, мемлекет пен медициналық қызметтің барлық қатысушыларының ортақ міндеті. Заманауи технологияларды енгізу, халықаралық тәжірибені үйрену және ғылыми зерттеулерді қолдау науқастарға өмір сүру деңгейін арттыруда, медицинадағы жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
20 маусым 2026 ж. 41 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 40

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 30

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930