Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Игілік көзі – инновацияда

Игілік көзі – инновацияда

Технологиялық жетістіктердің тиімділігі өмір сүру сапасын жақсарту, ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті арттыру сияқты көптеген артықшылығы бар. Қазіргі кездері медицинада компьютерлік технологияны қолдануға айрықша мән берілуде. Ғылым мен техникалық прогрестің арқасында бұрынғыдан да нәтижелі емдеу тәсілдері арқылы халық денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар жарыққа шығуда.
Денсаулық сақтау саласына жалпы медицинадағы тың идеялар мен технологиялық жаңалықтар өзінің оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Медициналық технологиялар – бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласы үшін ортақ мәселеге айналып отыр. Сондықтан да әрбір медицина бағыты жоғарғы деңгейлі технологияны талап етеді. Медициналық технологиялар емдеу процедураларының сенімділігін арттыруға көмектеседі. Науқастың үміті үзіліп, ауыр сыни жағдайларға тап болғанда өмірін сақтап қалуға мүмкіндік тудырады. Сол себепті де заман ағымынан қалыспай, шығарылған жабдықтар адамдардың денсаулығы мен өміріне, қызметкерлердің сеніміне, клиниканың лайықты беделіне деген жауаптылықты арттырады.
Қазір медицинада инновациялар көп. Бұл ең алдымен әр адамның өмір сүру сапасы мен оның дамуына оң әсерін тигізеді. Ғылыми білімнің осы саласына жыл сайын қыруар қаржы құйылады. Нәтижесінде медицинадағы инновациялар апта сайын пайда болуда. Қазалы теміржол ауруханасының офтальмолог дәрігері Берік Жадырасын ауруханаға көзге ота жасайтын «Centurion» факомашинасы алынғандығын мәлімдеді. Катаракта жасауға арналған медициналық құрылғының арқасында былтыр көпбейінді облыстық ауруханадан әріптесіміз окулист Мұрат Байқадамовпен 10 науқасқа операция өткізілді. Бүгінде әр ай сайын науқас жинап ретті түрде 10-15 науқасқа катарактага ота жасалып тұр. ИВИ интравитреалды иньекция жасалады. Қазалы мен Арал аудандарынан наукастар келіп, оперативтік жолмен ем кабылдайды.
Мамандардың мәлімдеуінше, қазіргі заманның экологиялық жағдайы да көздің саулығына әсер етеді. Қалалардың ауа сапасының нашарлауы, шаң-тозаң, зиянды газдар мен химиялық қосылыстар көздің беткі қабатын тітіркендіреді. Әсіресе аллергиясы бар адамдарға қатты әсер етеді. Сонымен бірге күн сәулесінің ультракүлгін радиациясы да көздің линзасына зиян келтіреді. Осы факторлар катаракта, макулярлы дегенерация секілді дерттердің дамуына себеп болады.
Биыл сәуір айынан бері Алматы қаласынан жоғары дәрежелі дәрігер офтальмохирург Бекболат Жолдасовтың ай сайын келуін жоспарға енгізген. Ол катаракта диагнозы бар жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, науқасы үдегендерге ота жасайды.
– Бүгінге дейін қаншама сырқаттанушыға хирургиялық араласумен көмек көрсетілді. Бұрын науқастар аталған отаны облыс орталығына барып іске асырған болса, қазір өз ауданымызда жолдама арқылы ота жасата алады. Ауруханада ота жасауға қажетті заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Айына 15 науқасқа дейін ота жасалынады. Алдын ала ота жасатуға тіркелу үшін Қазалы теміржол емханасының көз аурулары кабинетіне келіп тіркелсе болады. Отадан кейінгі уақытта ыстықтан және салқыннан бір ай көлемінде сақтану қажет. Катарактаның дамуы негізінен қоршаған ортаның әсерінен, яғни күннің ыстығынан, шаң-тозаңнан бір сөзбен айтқанда, климаттың қолайсыз әсерінен болады, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының офтальмологы Берік Жадырасын.
– Медицина саласындағы жаңа ашылулардың жоғары қарқыны тек ақша үшін ғана емес, адамдардың өмірін жеңілдету, жақсырақ және ұзағырақ ету үшін жұмыс істейтін энтузиастардың көптігімен де байланысты. Басқа нәрселермен қатар медицинаның бір басым бағыты жоқ, ал ғылымның өзі өте кең. Сондықтан медицинадағы инновациялар қаншалықты көп болса да, ғалымдардың әлі де үлкен қызмет өрісі болады.
Соңғы бірнеше онжылдықта заманауи медицина алға үлкен қадам жасағанын атап өткен жөн. Ғалымдардың сансыз жетістіктерінсіз мүмкін емес еді. Қазіргі уақытта ғылымның медицинадағы рөлін асыра бағалау қиын. Заманауи технологиялық жетістіктердің арқасында қазір эндоскопия, ультрадыбыстық, компьютерлік томография және магнитті-резонанстық томография сияқты диагностикалық әдістер бар. Соның нәтижесінде «біз неге қол жеткіздік?» деген сауал туындауы заңдылық. Медицинадағы ғылымның жетістіктері шынымен де орасан зор. Ең алдымен, дәрігерлер бұрын науқастардың қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік бермеген ауруларды сәтті емдей алуда. Сонымен қатар көптеген ауруды олардың дамуының ең ерте кезеңдерінде диагностикалау мүмкін болды. Сондай-ақ медицинадағы инновациялар көптеген пациенттің өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай арттыруға көмектеседі, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының директоры Құбыл Ршымбетов.
Жаңашылдықтан тыс қалмайтын теміржол ауруханасының зертханасына жаңадан бактериологиялық «Scan-10» анализатор келді. Жанында «D2 mini» аппараты бар. «Бұл анализатор қанның стерильдігін және антибиотикке сезімталдығын анықтайды. Сол арқылы науқастардың дәрі-дәрмектің 23 түріне тітіргенгіштігі нақтыланады. Қанның стерильдігі нәтижесі үш күнде, антибиотик сезімталдығы екі күнде шығарылады. 2021 жылы қазанда әлемге үрей туғызған жұқпалы індет анализдерін анықтауға арналған ПЦР зертханасы ашылған болатын.
Бүгінде бұл ауру азайғандықтан, анализдер де тоқтап тұр. Сондағы ПЦР зертханамызда тұрған ламинарный бокс пен DT прайм анализаторды модернизациялау мақсатында онкологиялық ауруларды анықтауға 5 түрлі онкомаркер, әйел және ер адамдарда кездесетін жыныстық инфекцияларды табатын және гепатит Б, С мен хеликобактер реактивтеріне тапсырыс берілді. Алдағы уақытта жүзеге асыруға дайынбыз», – дейді зертхана меңгерушісі Айнагүл Исаева.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 шілде 2025 ж. 106 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031