Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда шаруалар мыңдаған гектар жерді заңсыз иеленіп алған

Қазалыда шаруалар мыңдаған гектар жерді заңсыз иеленіп алған

Прокуратураның тексерісінен кейін мемлекетке қайтарылды
Қазалыда шаруалар мыңдаған гектар жерді заңсыз иеленіп алған
Фото ЖИ көмегімен жасалған: © freepik.com / z99zoom
Қызылорда облысында Қазалы ауданының прокуратурасы мыңдаған гектар жер мақсатына сай пайдаланбағаны және оларды өз бетінше иеленіп алғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, аталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура қадағалау актілерін енгізді. Нәтижесінде, мемлекет кірісіне жалпы құны 86 млн теңгені құрайтын аумағы 10 мың гектар жер қайтарылды.
«Жер учаскелерін заңсыз иеленген тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Осы тектес фактілердің жолын кесу заңдылықты қалпына келтіруге, мемлекеттік мүдделерді қорғауға және өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

10 маусым 2026 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930