Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауға келген 21 тұрғын аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Тұрғындардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу және тұрғын үй мен жер кезегі мәселесін қозғады. Мұнан бөлек Әйтеке би кентіндегі бірқатар көшелерге асфальт қабаты мен жаяу жүргіншілер жолын салу, көше жарықшамдарын орнату, аяқ су арықтарын тазалау, кәсіпкерлік нысан алдындағы жаяу жүргіншілер жолын алып тастау және
көп қабатты тұрғын үйлердің шатырын ауыстыру, жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған тұрғындарда болды.
Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылыда жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді. Ал тұрғын үй мен жер кезегі бойынша бүгінгі таңда ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту бойынша жұмыстардың қарқынды жүргізіліп жатқандығын айтып, кезектілікке сәйкес баспанаға қол жеткізетіндерін айтты.
Кент ішіндегі аяқ су арықтарын тазалау, кәсіпкерлік нысан алдындағы жаяу жүргіншілер жолын алып тастау бойынша тиісті сала басшылары бірлесіп зерттеп, заңдылығына сәйкес тиісті шара қабылдау жөнінде тапсырма берді. Басқа да мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтып, соған сәйкес жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
18 маусым 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930