Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындармен жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі тұрғындармен жеке қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қабылдау кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу мен тұрғын үй кезегі мәселесін қозғады. Мұнан бөлек Қазалы қаласы, Ү.Түктібаев көшесінің жарық, ауыз су мәселелері мен көшелерді асфальттау, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру мен әлеуметтік көмек сұраған тұрғындарда болды.

Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылыда жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді. Ал тұрғын үй кезегі бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту бойынша жұмыстардың жыл сайын жүргізіліп жатқандығын айтып, кезектілікке сәйкес баспанаға қол жеткізетіндерін айтты. Басқа да мәселелер бойынша тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтып, соған сәйкес жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
#AMANAT
20 маусым 2025 ж. 167 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930