Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +50 градусқа дейін күн ысиды: шілде айына арналған ауа райы болжамы

+50 градусқа дейін күн ысиды: шілде айына арналған ауа райы болжамы

Шілдеде еліміздің солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін ысуы мүмкін.
+50 градусқа дейін күн ысиды: шілде айына арналған ауа райы болжамы
фото: www.istockphoto.com
Синоптиктер  Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 
Олардың айтуынша, шілде Қазақстандағы жылдың ең ыстық айы болмақ. Шілдеде елдің солтүстігі мен шығысында орташа температура +18...+23 градус шамасында болса, оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.
"Жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Аптап ыстыққа қарамастан, шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де болуы ықтимал. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Шілдеде Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашын мол түседі деп күтіледі. Жаңбырмен қатар найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда бір тәуліктің ішінде айлық жауын-шашын мөлшері немесе одан да көп түсуі ықтимал.
Сондай-ақ Қазақстанның солтүстік, шығыс және таулы өңірлерінде қатты найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.

18 маусым 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930