Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОО-ларда грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады

ЖОО-ларда грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді.
Когда начнется прием документов в колледжи Астаны, сообщили в акимате
Фото: freepik.com
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн форматта, сондай-ақ eGov порталы арқылы тапсыра алады.
Грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фотосурет, орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом қажет.
Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысатын талапкерлер растайтын құжаттарын ұсынуы тиіс.
«Құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыра алады. B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" білім беру бағдарламасына түсушілер үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыру қорытындысы талап етіледі», – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Министрлік өкілдері қосымша ақпарат алу үшін талапкерлерге жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінуге кеңес береді.
17 маусым 2026 ж. 60 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930