Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Магистратураға құжат қабылдау басталды: не білу керек?

Магистратураға құжат қабылдау басталды: не білу керек?

Фото: depositphotos.com
Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Құжаттар 18 тамызға  дейін (қоса алғанда) қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 49 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған. Олар грант конкурсына қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қандай құжат тапсыру қажет?

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
  • КТ сертификаты және шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).
Құжаттарды тапсыру кезінде талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.
Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал оқуға құжат қабылдау 28 тамызда аяқталады.

13 тамыз 2025 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930