Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда магистратураға құжат қабылдау басталды: Конкурсқа қалай қатысуға болады?

Қазақстанда магистратураға құжат қабылдау басталды: Конкурсқа қалай қатысуға болады?

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құжат қабылдау 18 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, соның ішінде виртуалды комиссиялар арқылы жүргізіледі.
"Кешенді тестілеуге шамамен 49 мың адам қатысты. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша шекті балды түлектердің 50 пайызы, бейіндік бағыт бойынша – 21 пайызы жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады", – делінген хабарламада.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурс негізінде тағайындалады. Құжаттар 12–18 тамыз аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
жеке куәліктің көшірмесі;
жоғары білім туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты және шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болса).

Өтініш бергенде талапкер бір білім беру бағдарламалары тобы мен үш жоғары оқу орнын көрсете алады. Магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола алады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Болашақ магистранттарды оқуға қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.
13 тамыз 2025 ж. 342 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031