Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 шілдеден бастап теңгенің атауы өзгереді

1 шілдеден бастап теңгенің атауы өзгереді

2026 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда Салық кодексіне енгізілген ауқымды түзетулер күшіне енеді.  
1 шілдеден бастап теңгенің атауы өзгереді
Фото:Zakon.kz
Шілдеден бастап елімізде "тенге" сөзі құжаттардан алынып тасталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Соған сәйкес, орыс тіліндегі ресми құжаттарда ұлттық валютаның атауы "ТЕНГЕ" емес, "ТЕҢГЕ" деп жазылады. Бұл өзгеріс қоғамда қызу талқыланғанымен, оның тек тілдік және техникалық сипатқа ие екені айтылады. Яғни, ешқандай ақша реформасы, деноминация немесе қолданыстағы банкноттар мен монеталарды ауыстыру жоспарланбаған.
Мамандардың айтуынша, бұл қадам мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қаржылық терминдерді біріздендіруге бағытталған. Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі де өз нормативтік құжаттарында "теңге" атауын қолдануды ұсынған болатын.
Сондай-ақ бұл өзгеріс банк жүйесінің жұмысына, азаматтардың ақшасына немесе қаржылық операцияларға ешқандай әсер етпейді. Бухгалтерлік бағдарламалар мен ақпараттық жүйелер қажетті жаңартуларды автоматты түрде қабылдайды. Осылайша, 1 шілдеден бастап өзгеретіні – тек құжаттардағы жазылу үлгісі.
Ал қолдағы ақша бұрынғыдай заңды төлем құралы болып қала береді.
15 маусым 2026 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930