Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ел аумағында найзағай ойнап, дауыл тұрады

Бүгін ел аумағында найзағай ойнап, дауыл тұрады

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағындағы ауа райына белсенді солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронттар әсер етеді.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Қазақстанның басым бөлігінде 28 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жауын-шашын мол түсіп, бұршақ жауады және екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағындағы ауа райына белсенді солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронттар әсер етеді.
"Белсенді солтүстік-батыс циклоны жырасының және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар елдің көп бөлігінде жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысы мен орталығында, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Қызылорда облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Қарағанды облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының орталығы мен солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында, Жетісу және Абай облыстарының шығысында, Ұлытау облысының шығысы, оңтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

28 мамыр 2026 ж. 151 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031