Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ескі үйлердің бағасы 5,3 пайызға қымбаттаған

Қазақстанда ескі үйлердің бағасы 5,3 пайызға қымбаттаған

Астанада пайдаланылған пәтердің 1 шаршы метрі орта есеппен 528 мың теңге тұрады.
www.istockphoto.com
Соңғы кезде үй нарығындағы жағдай өзгерген. Жалпы, респуб­лика бойынша ескі үйлер 5,3%-ға қымбаттаған, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы Aiqyn басылымы "Тұрғын үйдің бағасын «тұсаулау» кімге тиімді?" мақаласында жазды.
Басылым нарықтың аса қатты өзгермегенін айтса да, ескі үйдің бағасы өскенін жеткізді. Сарапшының айтуынша, сату­шылар ақша құнсызданбауы үшін бағаны көтеруге мәжбүр.

– Өйткені жаңа тұрғын үйлердің бағасы өсіп, инфляция баяуламай тұр, ал 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшері 16 %-ға дейін көтеріледі. Алайда сұраныс төмендеп келеді, бұл пәтер иелерінің «тәбетін» те­жейді. Сондықтан нарық икемдірек бола бастады: сатушылар нақты сатып алушыларға жақсы жеңіл­діктер жасауға дайын. Ал мамырмен салыстырғанда маусым айында бағаның өсуі баяулағаны маусым­дық құбылыс. Сондай-ақ сатып алу белсенділігінің төмен болуына бай­ланысты бағаның уақытша тү­зетілуі деп қабылдауға болады. Қа­зақстан аумағы бойынша баға орта есеппен +0.5 % ғана өскен. Қа­лалардағы өзгерістер бағаның өсуі де, төмендеуі де аса айтар­лық­тай емес», – дейді Krisha.kz жылжымайтын мүлік пор­талының сарапшысы Инна Пче­лянская.

2025 жылдың маусым айында Астанадағы пәтер бағаларына көз жүгіртсек, жаңа үйлердегі пәтерлер, яғни бі­рінші нарықтағы бағалар әлдеқайда қолжетімді. Мысалы, танымал тұр­ғын үй бір бөлмелі пәтердің ор­таша бағасы шамамен 14 миллион теңге. Мұндай пәтерлер әдетте ша­ғын – 38-42 шаршы метр шама­сында. Екі бөлмелі жаңа пәтерді шамамен 19,5 миллион теңгеге, ал үш бөлмелі пәтерді 38-39 миллион теңге көлемінде сатып алуға бо­лады.

Екінші нарықтағы, яғни бұрын пайдаланылған пәтерлердің бағасы бұлармен салыстырғанда едәуір жоғары. Бұл пәтерлердің 1 шаршы метрі орта есеппен 528 мың теңге тұрады.
12 шілде 2025 ж. 399 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 154

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031