Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » IT саласына салық жеңілдігі 2045 жылға дейін сақталуы мүмкін

IT саласына салық жеңілдігі 2045 жылға дейін сақталуы мүмкін

Қазақстан IT-компанияларға ұзақ мерзімді қолдау тетіктерін әзірленіп жатыр.
©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото:Baq.kz архиві Артем Чурсинов
Қазақстан IT саласын қолдаудың ұзақ мерзімді тетіктерін әзірлеуге кірісті. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Astana Hub қатысушыларын қолдаудың 2028 жылдан кейінгі параметрлерін 2045 жылға дейін жоспарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, бұл бастама технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасап, Қазақстанның аймақтағы жетекші IT-хаб ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған. Ұзақ мерзімді жоспар елдегі IT-компаниялар үшін тұрақты әрі болжамды бизнес-орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Astana Hub үшін ұзақ мерзімді жоспар әзірленуде
Министрлік экономиканы цифрлық трансформациялау стратегиясы аясында Astana Hub экожүйесін одан әрі дамытуға басымдық беріп отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда сарапшылар қауымдастығымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа жоспар жасанды интеллект саласындағы жаһандық үрдістерді, экспорттық әлеуеттің кеңеюін және жоғары технологиялық инвестицияларды тарту қажеттілігін ескере отырып әзірленеді.
Ведомство Astana Hub цифрлық экономиканы дамытудағы тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Сондықтан алдағы кезеңдегі басты міндеттердің бірі – қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қана қоймай, IT-компанияларға өз қызметін ондаған жылдарға алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беру.
IT экожүйесінің көрсеткіштері өсіп келеді
Қазіргі уақытта Astana Hub экожүйесінде 2 268 компания тіркелген. Хаб құрылғаннан бері 35 мың жоғары білікті жұмыс орны ашылып, 438 млрд теңге инвестиция тартылған.
Сонымен қатар қазақстандық IT-шешімдердің экспорт көлемі 1,9 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіштер еліміздің технологиялық секторына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Министрлік алдағы уақытта инноваторлар үшін қолайлы орта қалыптастыруға, адами капиталды дамытуға және жасанды интеллект саласындағы озық шешімдерді енгізуге ерекше көңіл бөлмек. Осылайша Қазақстан технологиялық бизнес үшін әлемдегі ең тартымды юрисдикциялардың біріне айналуды мақсат етіп отыр.

12 маусым 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930