Елімізде 2030 жылға қарай ЖИ саласында 10 000 маман дайындау көзделіп отыр - дөңгелек үстел
Бұл туралы бүгін Astana Hub-та халықаралық IT-таланттар мен «цифрлық көшпенділер» үшін Қазақстанды дамытудың негізгі тартылыс нүктесі ретіндегі рөліне арналған дөңгелек үстел барысында мәлім болды.
Фото: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге қатысушылар, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басшылығы, Astana Hub өкілдері және IT-мамандардың өздері, Digital Nomad Residency бағдарламасының тиімділігін және әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандар үшін барынша қолайлы экожүйе құру шараларын талқылады.Бүгінде Қазақстан технологиялар экспорты мен жасанды интеллекіні дамытуға бағытталған цифрлық елге белсенді түрде айналып келеді.
Фото: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіМемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылғы қаңтарда іске қосылған Digital Nomad Residency бағдарламасы елімізді жетекші аймақтық IT-орталықтардың біріне айналдыру жөніндегі стратегиялық міндетке маңызды жауап болды.Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев шетелдік сарапшыларды тарту технологиялық прогрестің қарқынына тікелей әсер ететінін атап өтті: «Адами капиталды дамыту - бұл Қазақстанның цифрлық хаб ретінде жандануының негізі. Біз Digital Nomad мәртебесін алу процесі толығымен цифрлық, ашық және ең бастысы, жылдам әрі ыңғайлы болуына ұмтыламыз. Жоғары білікті мамандардың келуі - бұл жай ғана статистика емес, бұл халықаралық тәжірибе, жаңа құзыреттер мен жаһандық нарықтармен байланыс ағыны. Біздің мақсатымыз - әрбір талантты айтишник өз әлеуетін дәл осы жерде іске асырып, қазақстандық экономикаға үлес қоса алатын жағдай жасау».
Қазіргі уақытта цифрлық көшпенділерге арналған бастамалар аясында әлемнің 30 елінен 700-ден астам өтінім берілді, ал 120-дан астам маман ресми мәртебені сәтті алған.
Фото: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіПікірталас барысында Astana Hub өкілдері алдағы мақсаттарды атап өтті: 2030 жылға қарай ЖИ саласында 10 000 маман даярлау және IT-қызметтер экспортын 5 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу, жергілікті таланттар мен тартылған сарапшылардың белсенді өзара тәжірибе алмасуы кезінде ғана мүмкін болатын, жедел әрекет етуді талап етеді.Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында халықаралық компаниялардың тәжірибелі инженерлері мен аналитиктері қоныс аудару кезіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық сервистерді одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша IT-қоғамдастықтың нақты қажеттіліктеріне қарай аталмыш бағдарламаны бейімдеу үшін тұрақты жұмыс тобы форматында жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Еске сала кетсек, бұған дейін бағдарламаны іске асыру аясында біз Stanford University және UC Berkeley дипломдары мен Кремний алқабында жұмыс тәжірибелері бар жоғары білікті мамандар - Алан мен Азиза Сәлімовтердің кейсін жариялаған болатынбыз. Отбасы өмір сүру және жұмыс істеу үшін Қазақстанды таңдап, өтінім бергеннен бастап қажетті құжаттарды алғанға дейінгі уақыт небәрі 20 күн ішіндегі мерзімді құрады, бұл мемлекет құрған цифрлық механизмдердің тиімділігін растайды.
Осыған дейін жасанды интеллект пен цифрландыру мәселелері талқыланған пікірсайыс бәсекесі өткені туралы жаздық.











