Аудан әкімінің орынбасары азаматтарды жеке қабылдады
Бүгін аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген 11 тұрғын тұрақты жұмысқа және ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасу, тұрғын үй кезегі, жеке тұрғын үйлерді газдандыру және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында Дәурен Оңғарбайұлы көтерілген мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер беріп, жауапты сала өкілдерімен бірлесіп оларды шешу жолдарын қарастырды. Жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінген азаматтарға аудандағы бос жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, нәтижесінде бірқатар азамат ұсынылған жұмыс орындарына орналасуға келісім беріп, олардың өтініштері оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, бірқатар білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық сыныптары мұғалімдерінің қысқаруына қатысты мәселелер бойынша педагогикалық ұжымдарға заң талаптарына сәйкес кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында алдағы күндері арнайы мәжіліс өткізуді тапсырды.
#AMANAT














