Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернеттің жаппай өшірілуі қазақстандықтардың ақпарат алу құқығын шектемей ме?

Интернеттің жаппай өшірілуі қазақстандықтардың ақпарат алу құқығын шектемей ме?

Конституциялық сот ауыр қылмыс қаупі төнген кезде байланыс операторларының жұмысын уақытша шектеу Конституцияға сай келетінін растады.
Интернет
Фото: magnific.com
Астана, NEGE. Конституциялық сот «Байланыс туралы» заңның  41-1-бабы 1-2-тармағының, яғни Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғаларына ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу үшін байланыс пен интернетті тоқтатуға рұқсат беретін норманы Конституцияға қайшы емес деп тапты.
«Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық сот «Байланыс туралы» заңның 41-1-бабының 1-2-тармағында Конституцияға қайшылық жоқ деп санайды. Конституциялық бақылау органы заңда көзделген шектеулер ақпаратты еркін алу құқығын өз бетінше шектеуге емес, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталады деп атап көрсетті», – делінген ресми түсіндірмеде.
Бұл шара уақытша сипатқа ие екені де көрсетілген. Сондай-ақ Конституциялық сот өкілдерінің нақтылауынша, бұл норма азаматарды Конституциямен кепілдік берілген ақпаратты еркін алу және тарату құқығынан айырмай, жедел түрде құқыққа қайшы іс-әрекеттердің алдын алу үшін қолданылады.
Айта кетейік, бұған дейін заңгер Елжан Қабышев Конституциялық сотқа жүгінген болатын. Ол аталған норманы Конституцияға қайшы деп тануды сұраған, өйткені оның пікірінше, бұл норма азаматтардың ақпарат алу және тарату құқығын, сондай-ақ сот арқылы қорғану құқығын шектейді.
Өз өтінішінде Қабышев мұндай шектеулердің тым кең ауқымда және тиісті сот бақылауынсыз қолданылуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдай сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізу құқығына қауіп төндіреді.
Алайда Конституциялық сот бұл уәждермен келіспеді.


11 маусым 2026 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930