Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бизнес ашуға тегін грант кімдерге беріледі?

Бизнес ашуға тегін грант кімдерге беріледі?

Бизнес ашуға тегін грант кімдерге беріледі?
Фото: zakon.kz
Қазақстанда 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 9 мың мемлекеттік грантқа өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, гранттар қайтарымсыз негізде беріледі және кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін ашуға әрі азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Біржолғы төлем мөлшері – 400 АЕК, яғни 1 730 000 теңге. Әр азамат грантты тек бір рет ала алады.
Өтініш беру үшін:
Business.enbek.kz порталында тіркелу қажет;
грант талаптарына сәйкестігін тексеруден өту керек;
бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, толтырып, порталға қайта жүктеу қажет;
өтінімді ЭЦҚ арқылы қол қою керек.
Кімдер қатыса алады
Грант алуға:
ресми тіркелген жұмыссыздар;
тіркеуі бір жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлер қатыса алады.
Сонымен қатар үміткерде «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен өткенін растайтын, үш жылдан аспайтын сертификат болуы тиіс және ол төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы қажет:
мүгедектігі бар адамдар;
қандастар;
қоныс аударушылар;
аз қамтылған отбасылар;
көпбалалы отбасылар (ерлі-зайыптылардың бірі);
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана (ерлі-зайыптылардың бірі);
асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар.
Қаражатты пайдалану шарттары
Грант қаражатын жабдық, құрал-сайман, ауыл шаруашылығы техникасы, мал, құс, көшет, тұқым сатып алуға және үй-жайды жалға алуға жұмсауға болады.
Ал қаражатты жеке қажеттіліктерге, несиені өтеуге, жылжымайтын мүлік пен жер учаскесін сатып алуға, шетел валютасы мен бағалы қағаздарға, цифрлық активтерге және акциздік өнім өндіруге пайдалануға тыйым салынады.
Гранттар конкурс негізінде беріледі. Үміткерлер комиссия алдында өз бизнес-жобасын қорғауы тиіс.
11 маусым 2026 ж. 151 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930