Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтарымсыз гранттар алуға өтінім қабылдау басталады

Қайтарымсыз гранттар алуға өтінім қабылдау басталады

Фото: ашық дереккөзден алынды
2025 жылғы тамыз айының 11 мен 22 аралығында Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» 2-лек бойынша өтінімдер қабылдау басталады.
Мемлекеттік грант 400 АЕК (1 572 800 теңге) құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет қана беріледі.
Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Грантқа қатысуға өтінім беруге үміткерлер:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- Көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
- қоныс аударушылар;
- қандастар;
- еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).

Егер де аталған санаттың бірі болған жағдай да:

- Жұмыссыз немесе 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы шарт.
- «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау;
- порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
- өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Қазалы ауданының «Мансап орталығы» филиалы
05 тамыз 2025 ж. 346 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031