Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Аудит, расчет, аудитор, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, график роста, графики роста, финансы, финансовый рост, рейтинг, рейтинги, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 09:56
фото:pexels

Бүгін, 2026 жылғы 11 маусымда Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі азаматтарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға арналған гранттарға қатысты жақсы жаңалық таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпарға сүйенсек, халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі.
"Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған",- делінген ведомство ақпаратында.
Атап өтілгендей, грант бір рет қана беріледі және оны әр азамат тек бір мәрте ала алады.
"Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бұл ретте үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы "қандас" мәртебесі бар азаматтар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар және (немесе) олардың жұбайлары;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (немесе) олардың жұбайлары;
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
"Конкурсқа қатысудың міндетті талаптарының бірі – өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жыл ішінде алынған "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының болуы",- деп нақтылады министрлік.
Белгілі болғандай, үміткерлерді іріктеуді ұсынылған бизнес-жобалар негізінде конкурстық комиссиялар жүзеге асырады. Өтінімдерді қарау барысында бизнес-идеяның өміршеңдігі мен даму перспективасы, жобаның қаржылық негізділігі және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті бағаланады.
Өтінім беру толықтай электрондық форматта Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Қатысу үшін порталға тіркеліп, өтінім нысанын толтыру, бизнес-жоспарды жүктеу және құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою қажет.



11 маусым 2026 ж. 337 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930