«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсы басталмақ
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына орай брифинг өтті.«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
2-қосымша сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (PDF форматы);
Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
3-қосымша сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (PDF форматы);
Зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса, PDF форматы);
Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).
Анықтама үшін байланыс телефондары:
E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
(жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін)












