Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық футболшы жол апатынан көз жұмды

Қазақстандық футболшы жол апатынан көз жұмды

Қазақстандық футболшы жол апатынан көз жұмды
Фото: kfa_resmi
Футзал бойынша Elim-ai Kokshetau командасының мүшесі және «Скаут» балалар футбол клубының жаттықтырушысы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайғылы оқиға туралы клуб өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Апат Абай – Қарағанды тасжолында болған. Спортшы ауыр халде профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер Буртовойдың өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
«Скаут» клубы үшін бұл орны толмас және аса ауыр қаза. Илья Буртовой өте жауапты адам болды, өз ісіне 100% берілген нағыз кәсіби маман еді, балаларды шын жүректен жақсы көрді және әрбір тәрбиеленушісіне бар жанын салатын. Біз марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және оны танып, құрметтеп, бағалаған барлық жандарға шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі клуб ұжымы, ата-аналар және оның жас футболшыларының жүрегінде мәңгі сақталады», – деп жазды клуб өкілдері.
08 маусым 2026 ж. 110 0

Доллар бағамы қандай

07 маусым 2026 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930