БҚО-да дәрігерлер тікұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы туралы айтты

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше6 апаттан кейін 1961 және 1987 жылы туған ер адамдар ауруханаға жеткізілген.
"Екеуіне де жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, төбе аймағының жарақаты диагноздары қойылды. Олар қалалық көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды", – деді дәрігерлер.
Қазір науқастардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Еске салайық, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Чапурино ауылының маңында Ми-8 АМТ “Казавиақұтқару” тікұшағы апатты жағдайда қонған. Ұшақ "Қазтрансойл" АҚ тапсырысы бойынша құбырдың үстінен ұшып өтті. Бортта бес экипаж мүшесі мен жолаушы – "Қазтрансойл" АҚ өкілі болған. Салдарынан төрт адам көз жұмды.