Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ең үздік қымыз анықталды

Қазақстандағы ең үздік қымыз анықталды

Жеңіс үшін Қазақстанның өзге өңірлерінен келген 37 шаруашылық бақ сынады.
Фото: canva
Қарқаралының қымызы еліміз бойынша ең үздік деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Финалға дейін қатысушылар қатаң іріктеуден өтті: мамандар сусынның сапасын зертханаларда тексеріп, шаруашылықтардың жұмысын бағалады. Жеңімпаздарды ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтады. Сонымен қатар фестиваль қонақтары да өздеріне ұнаған қымызға дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.
"Ең үздік қымыз" атағы мен 5 миллион теңгелік сертификат Қарқаралы ауданы Ақтерек ауылының өкілдері - ЖК Мұхамед-Әлидің "Қарқаралы Ақтерек" брендіне бұйырды. Екінші орынды және 3 миллион теңгені Қарқаралы ауданы Тоқпан ауылынан "Тоқпан қымызы" бренді иеленді. Үшінші орын Ұлытау облысынан келген "Жаңаарқа қымызы" брендіне бұйырып, 1,5 миллион теңге табысталды. 
Фестивальге 30 тонна қымыз әкелінді.
07 маусым 2026 ж. 139 0

Доллар бағамы қандай

07 маусым 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930