Оқу-ағарту министрі өңірлік білім басқармаларының басшыларымен кеңес өткізді
Кеңесте жаңа оқу жылына дайындық, жазғы демалысты ұйымдастыру және білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің барлық өңірлеріндегі білім басқармаларының басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, негізгі білім беру жобаларын іске асыру нәтижелері мен саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Жиында жаңа оқу жылына дайындық, балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және білім сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар заманауи білім беру технологияларын енгізу, цифрлық білім беру ортасын дамыту, педагогтер мен білім алушыларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша министр жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының сапалы дайындығын қамтамасыз ету және өңірлерде қойылған міндеттердің тиімді орындалуын бақылауға алу жөнінде бірқатар тапсырма берді.










